Алғыс арқалаған арда мамандық иелері

30.10.2020ж

Қоғам қашанда аялы алақан мен мейірімге мұқтаж. Өмірде тағдыр жазуымен түрлі жағдайларға тап болған адамдар, жалғызілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар көп кездеседі.

Сондай жандарға жан жылуын аямайтын ауданымыздың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін ерекше атап өтетін болсақ,  осы сала    бойынша  «Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызметті үйде көрсету бөлімшесінде» 33 жыл қызмет атқарған Ольга Федоровнаның  ерен еңбегі шексіз.

                Әлеуметтік қызметкер болу оңай емес. Оған әуелі темірдей төзім мен қажымас қайрат болуы керек. Әрі көмекке мұқтаж адамдардың бабын табу мақсатында қалтқысыз қызмет ету дене күшімен бірге психологиялық табандылықты да қажет етеді. Сол себепті бұндай қиындығы көп мамандыққа тек үлкен жүрек иелері ғана бара алады. Сондай үлкен жүрек иесі Ольга Синченко 1989 жылдан бастап осы салада еңбек етіп келеді. Ольга апай Көктал ауылының жалғызілікті қарттарына 33 жылдан астам уақыт бойы көп көмектесті. Қарт кісілермен жақсы тіл табысып, бабын тауып, жұмысының ауыртпалығына қарамай, шын ықыласпен кірісті. Осындай көзге көріне бермейтін, бірақ қиындығы көп жұмысты еңсеріп жүрген Ольга Федоровна қандай құрметке болсын лайық.

         Әлеуметтік   қызметкерлер мерекесіне орай ерен еңбегі шексіз Ольга Федоровнаны және барша әлеуметтік қызметкерлерді айтулы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер көмекке мұқтаж адамдарға демеу болар адам ғана емес, қоғамның әл-ауқатын жақсартуға зор үлес қосушы тұлғаларсыздар. Сол себепті алдағы уақытта еңбектеріңізге үлкен табыстар тілеймін! Сіз бен біз болып, еліміздің дамуына үлесімізді қоса берейік!

Зинат Чинибаева,

 «жалғызілікті  қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызметті  үйде көрсету бөлімшесінің»  меңгерушісі.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4726939