Сарқан ауданында жарты жыл бұрын іргетасы қаланған мәдениет ошағы жаңартылып жатыр

11.11.2020ж

Көп ұзамай Қарабөгет ауылының мәдениет үйінің қабырғасында музыка ойнап, мәдени өмірі қайта қайнайды. Қазіргі уақытта мұнда тек жөндеу жұмыстарының дыбыстары естіліп тұр.

 

Ауылдық клуб 1975 жылы салынған. Содан бері бірде бір жөндеу жұмыстары жасалмапты. Жергілікті халықтың сұрауы бойынша әлеуметтік нысандардың барлығы бар. Тек қажеттілік мәдениет нысанына.

 

Шатырынан еденіне дейін жаңартылып жатқан нысанның құрылысына 264 млн. 931 мың. Тенге бөлінген.

Айта кетсек, 1 қабатты нысан аумағы 700 шаршы метр. 220 көрермен залы бар. 11 адам қызмет етеді.

Жоба мердігері -  ЖШС «Бағалы-Алакөл». Бүгінгі таңда барлық жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр.

Күнтізбе

« Қараша 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1492053