Тәуелсіздік бәрінен қымбат

29.01.2021ж

Биыл Тәуелсіздігіміздің төртінші онжылдығының беташар жылы! Қазақстан Республикасының Президенті биылғы жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялады.

 

- «Бұл жыл - ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтеді. Бұл өткенге көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын уақыт. Халқымыз үшін осы маңызды датаны нақты істермен және жаңа жобалармен қарсы аламыз. Даңғаза акциялар мен даурықпа шаралардан бас тартып, бүкіл іс нақтылыққа құрылатын болады. Экономика, әлеуметтік сала, экологиядағы жүйелі шаралардың көлемді кешенін іске асыруды жалғастырамыз. Тұрғындардың барлық топтарынының әсіресе, жастар, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне баса мән береміз. Біз еліміздегі саяси жаңғырту үдерісін жалғастыра береміз»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тарихқа сәл шегініс жасайықшы. Тәуелсіздік таңы атқан күн 1991 жылдың 16 желтоқсаны - қазақ қоғамы үшін қай қазынаңнан да қымбат, ақжолтай күн. Мемлекетіміздің көк туы көгілдір аспан төсінде желбіреген бұл тарихи сәт уақыт өткен сайын тәуелсіздігіміздің мәні мен маңызын бағамдап, құдіретін сезінуге бағдар болары сөзсіз.
Бұл сонау 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанда «Мұзға алау жағып, кеңестік империяның тамырына балта шапқан қайсар рухты қазақ жастарының асыл арманы орындалған күн!
КСРО дейтін алпауыт империяның күйреуіне алғаш түрен салған қазақ елінің жұлдызы жанған сәт!
Елімізде Тәуелсіздік таңы атқан сол күннен бері де 30 жыл уақыт өтіпті. Президентіміз айтқандай, «әрбір онжылдық атқарған миссиясы тұрғысынан ғасыр жүгін арқалап тұр. Алғашқы онжылдық егемен Қазақстанның өз дербестігін қалыптастыру кезеңі болды. Екінші онжылдықта еліміз тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, іргесін бекітті. Үшінші онжылдықта мемлекетіміз шын мәнінде, кемеліне келіп, әлемдік саясаттың төріне озды».
Мемлекеттігіміз мәңгілік болғай!

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4726885