Егемендік нышаны - мемлекеттік рәміздер

05.03.2021ж

Елбасымыз Н.Назарбаев мемлекеттік рәміздеріміз жайлы: «Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасы  мен  Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар - халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылығымыз», - деген болатын.

 

                Иә, тәуелсіз елдің негізгі нышаны - мемлекеттік рәміздер. Сондықтан да еліміздің әрбір азаматына бала кезден рәміздерді құрметтеу арқылы отансүйгіштік сезімін қалыптастыруымыз қажет. Дегенмен, елімізде тәуелсіздік нышандарына деген құрмет жоғары болғанымен, кей азаматтарымыздың қастерлі рәміздерімізге немқұрайлы қарайтыны өтірік емес. Бірақ, ондай әрекеттердің жазасыз қалмайтыны да анық. Мәселен, ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 372 бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады» делінген.

                Тәуелсіздігімізді айқындайтын  негізгі нышандарға немқұрайлы қараған азаматтарға осындай заңның үстемдік еткені өте орынды деп ойлаймыз. Өйткені, рәміздерді құрметтеу - ел тәуелсіздігін құрметтеу. 

Балерке  Кеңесбай.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4726894