Бақытты елдің ұланы

05.03.2021ж

Биыл еліміз тәуелсіз ел болғалы 30 жыл. Осы жылдар ішінде елімізде көптеген жаңа бағдарламалар мен білімге деген ізденістерді көре аламыз. Осы  орайда тәуелсіз  еліміздің  құрдасы Ерғали Рысқұлов Нұрахметұлының пікірін ұсынып отырмын.

         Бүгінгі таңда, өзі  оқыған мектепте,  өзіне сабақ берген ұстаздарының қасында білімін жетілдіріп, балаларға білім беріп жүр.

          Ерғали Нұрахметұлы 1991 жылы Керімағаш ауылында дүниеге келді. Әрине балалық шағы қазіргі балалардай өтпегені анық. Осыған қарамастан ата-анасы тамақ тауып, балаларын  ешкімнен  кем қылмай өсірді.1997 жылы 1 сынып оқушысы болып  Керімағаш орта  мектебінің  табалдырығын аттады. Мектепке барған жылы кітаптар мен мектепке керекті құралдар қолжетімсіз болды. Ол жылдары ауыл кішігірім болғандықтан, Керімағаш ауылында   тек              бастауыш  сынып  оқитын.

         Бастауыш  сыныпты бітірген соң  2001 жылы Қоңырөлең           ауылында оқыды. 2003 жылы Керімағаш ауылынан Үшарал  ауылына қатынасатын автобус беріліп, барлық ауыл балалары сол арқылы қатынасып барып оқып  жүрді.  2007 жылы  Керімағаш ауылынан он бір жылдық мектеп  ашылып, 11 сыныпты өз ауылынан  бітірді.

        Ұлттық  бірыңғай тесті тапсырып Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетің география туризм мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2012  жылы оқуды аяқтап «Керімағаш-Арасан  ауылындағы орта мектебі»  коммуналдық мекемесінде                                                                    география пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. Білім берген оқушылары аудандық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие. Оқушыларының  білімділігінің арқасында аудандық білім бөлімінің  «Алғыс хатымен» марапатталды. Бұл  әрине ол  үшін үлкен мәртебе.

      Әрине    90-шы  жылдағы білім мен қазіргі таңдағы білім саласының айырмашылығы өте көп. Қазір барлық балаларға оқулықтар мен мектептің құрал-жабдықтары жетерлік. Президентіміз білім саласын бірінші орынға қойып отыр.Қазіргі таңда  мектеп оқушысына барлық жағдай жасалған. Білімді боламын, тілімді жетіктіремін, мақсатым анық дейтін балаға елімізде көптеген курстар мен шетелге шығып оқуға да мүмкіндіктер өте көп. Тәуелсіз ел мен үшін үлкен белестермен, жаңашылдықтың   мекені.

                     Сымбат   Әбдіреш.

Күнтізбе

« Сәуір 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1765017