І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіндегі дебат қозғалысының дамуы
- Толығырақ
- Жарияланды 27.04.2021 04:41
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 1020
26.04.2021ж
Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы, - деп атап көрсеткен еді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Жас өспірімдер мен студенттердің зияткерлік қабілетін ашуда, өз ұстанымын білдіруге, нақты дәлелмен сөйлей білуге дебат ойынының көмегі зор. Жастарды жан-жақты тәрбиелеу құралының бірі ретінде соңғы кезде дебат ойнына қайтадан пәрмен берілуде.
Дебат қозғалысының дамуына І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері айтарлықтай үлес қосып жүр. Жалпы білім ордамызда 2000 жылдан бастап дебат клубтары құрылған. Онда талапты студенттер жиналып дебат ойындарын жиі өткізіп тұрады. Университетте студенттік дебат қозғалысы жастар саясатын іске асыру процесімен тікелей байланысты, үздіксіз іске асырылады. Атап айтқанда, қазіргі уақытта жалпыуниверситеттік «Ілияс сөз құлагерлері» дебат клубы және әр факультетте құрылған «Гумфак», «Алаш», «Жалын», «Жарқын болашақ», «Қыран», «Болашақ» клубтары жұмыс жасайды. Клубтардың негізгі мақсаты – білімгерлердің өз ойын ашық жеткізуге, сөз саптауда логикалық құрылым жасауға, шешендік өнерді дамытуға, өз пікірін дәлелдей білуге тәрбиелеу. Оқу ордамызда жыл сайын жоспарлы түрде университетішілік, қалалық, облыстық деңгейде дебат ойындары ұйымдастырылып тұрады. Үздік командалар университет басшылығының қолдауымен аймақтық, республикалық дебат ойындарына қатысып, бақтарын сынап жүр.
Осы оқу жылында университет студенттері онлайн форматта екі ойын (1 облыстық, 1 университетішілік) өткізді. 2021 жылдың желтоқсан айында ЖОО арасында республикалық дебат ойынын өткізу жоспарланған. Университет тарапынан жүлде қоры тағайындалып, студенттерді ынталандыру үшін сыйақы, мақтау грамоталары беріледі. Жыл сайын 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай университет ректоры белсенді студенттерге арнайы сыйақы тағайындайды. Солардың арасында дебат қозғалысындағы белсенділігі үшін 5 студентке (Болатова Айша-бибы Болатовна, Есімжанова Еркежан Есімжанқызы, Бақытжанұлы Батыржан, Арқашқызы Еркежан, Канияхметова Акмарал Максатовна) сыйақы және біреуіне «Белсенді қоғамдық қызметі үшін» (Төлегенов Бауыржан Базарханұлы) төсбелгі табысталды. Жаңа оқу жылында да дебат қозғалысын жандандырып, тартысты ойындар өткізу жоспарда бар.