Тарихи тұлғаға еңселі ескерткіш орнатылса...

06.05.2021ж

Бүкіл  саналы ғұмырын Қазақстан экономикасының әлеуметтік жағынан нығаюына, ғылымның өркендеуіне, мәдени өмірінің гүлденуіне арнаған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, 3 мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Дінмұхамед  Ахметұлы Қонаев 2022 жылдың 12 қаңтарында 110 жасқа толады. Оның республиканы басқарған жылдардағы айрықша табыстары тарихқа алтын әріптермен жазылып қалды.

 

                Аудан      жұртшылығы осы атаулы күнді облыс және аудан көлемінде шама-шарқы жеткенше атап өтеді деп күтілуде және осыған орай «Мәдени   мұра» бағдарламасы аясында Көктал ауылындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы мектептің алдына еңселі ескерткіш орнатса деген ұсыныс тілегіміз бар. Осы ұсыныс тілегімізді облыс әкімі Амандық Баталовқа, аудан әкімі Талғат Өмірәлиевке жетсе екен деген ниетпен жазып отырмыз.             Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Д.Қонаевтың есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам», - деген сөзінің өзінде терең мағына, жан  тебірентерлік  ізеттілік  жатыр.

                Елдің баласы болған Д.Қонаев та өмірінің соңына дейін «Қазағым» деп мақтанған,  қазақтың күйін күйттеген, елім деп еміренген. Елім деген ері барда, ерім  дейтін елі табылары анық.

                Ендігі біздің парызымыз  өз                                            Отанына, халқына шексіз сүйіспеншілігін арнаған қайраткерге Көктал ауылындағы «Д.Қонаев атындағы мектептің алдына еңселі ескерткішін  орнатса деген ұсыныс өтініштерін біз де, Үшарал мен Көктал ауылдарының тұрғындары да қуана-қуана  қолдап  отыр. Ұсыныс тілегіміз қолдау табады деп сенеміз.

Қайрат Смағұлов,

 зейнеткер,

 Үшарал  ауылы.

 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4726465