Ғасырда бір туылар жарық жұлдыз

2023-02-10


«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді. Осыған орай аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде Төлен Әбдікке арналған "Ғасырда бір туылар жарық жұлдыз" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Төлен Әбдіктің өмірбаяны, "Қазақстан ұлттық энциклопедиясының 1 томында жарияланған деректері, "Айтылмаған ақиқат", "Истина" ағылшын тіліндегі кітабы және дәйек сөздер мен қанатты сөздер қойылды.


Танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлы қалың оқырмандарға да әдеби ортағада кеңінен танымал. Оның талантының ерекше екендігіне оның тереңнен толғап, жүректен қозғап жазған шырайлы шығармалары дәлел. Жазушының алғашқы жарияланған әңгімелерінен, соңғы жазған романдарына дейін, жұртшылықтың жүрегінен жол тауып, оқырмандардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Қаламгер Төлен жазған пьесалар бойынша спектакльдер қойылды, сценарийлары бойынша кинолар түсірілді. Бұл туындылардың бәрі де көпшілік көңілдерінен шығып, ел құрметіне бөленгені жайлы материалдармен толықтырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.
--

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4138561