Алғашқы Республикалық форум өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 01.07.2023 10:04
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 350
2023-07-01
Маусым айының 29- жұлдызында Астананың төрінде «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумы өтті. Жиынға еліміздің өңірлерінен 2500 ге жуық адам қатысты. Форум барысында президентіміздің реформалары аясында тақырыптар қозғалды.
Сонымен қатар Ә. Смайлов, Е. Қошанов сынды азаматтар сөз сөйледі. Ә. Смайлов өз сөзінде елдің тұтастығы, мемлекеттік сасяат, ұлт болашағы және т.б тақырыптарды тілге тиек етіп, ел азаматтарын мемлекет басшысының саясатын бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Форумның пленарлық сессиясын сөзімен түйіндеген Е. Қошанов та партияның ішкі-сыртқы саясатында болып жатқан процесстермер толық таныстырып, жоспарларымен бөлісіп, өзекті мәселелерді айтты. Өткен жылы жүргізілген конституциялық реформалар мен саяси қайта құрулар қысқа мерзімде мемлекет пен қоғамның барлық салаларын сауықтыру үшін құқықтық базаны қамтамасыз етті. Бірінші кезекте, бұл мемлекеттік басқаруды жетілдіру үшін жағдай жасауға қатысты. Алайда, алда да маңызды міндет – атқарушы және өкілді органдардың бүкіл тігінен өзгеру импульсін одан әрі беру. Сондықтан реформалардың белгіленген бағытын іске асыруда мәслихаттарға маңызды рөл жүктеледі.Жалпы жиын жоғары деңгейде өтті.