ҰСТАЗ - ҰЛАҒАТТЫ ҰҒЫМ

2023-10-20


 

Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам. Ұстаз болу — екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Себебі, ол дәрігер сынды жас түлектердің болашағына жауапты. Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз. Ал мектептегі ұстаз балаға жеке адам, тұлға ретінде қарайтыны айдан анық-деді Мақсат Серікбайұлы.

 

Осы орайда «Ұлағатты ұстаз» партиялық жобасы аясында Панфилов аудандық мәслихат депутаты Мақсат Серікбайұлы ардагер-ұстаз 45 жылдық еңбек жолы бар, Қазақстан Республикасының үздік ұстазы, Ы.Алтынсарин медалі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, көп балалы ана Жақаева Толқын Оспанханқызына ілтипат көрсетіп, сый-сыйапат табыстап, тілек жолдарын білдіріп, қаншама жылдық еңбектеріне алғыс білдіріп қайтты.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4736883