Отаным Қазақстан
- Толығырақ
- Жарияланды 23.10.2023 09:25
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 325
2023-10-23
Тәуелсіздік.Егемендік. Еркіндік сырт қарасаңыз сөйлем арасында айтыла салатын қарапайым сөздер секілді. Бірақ, менің замандастарым, аға буын өкілдері оның қаншалықты қиын жолмен келгенін, қадір-қасиетін жақсы сезінеміз, білеміз, түсінеміз!
Біздер қос дәуірдің куәгеріміз. Екі заманды бастан өткердік. Кешегі қылышынан қаны тамған кеңестік жүйеде білім алдық, ер жетіп өстік.Қал-қадірімізше еңбек етіп, шыңдалдық. Өткенге өкпеміз жоқ. Жалпы өткенге топырақ шашу қазаққа тән қасиет емес. Қандай тар жол, тайғақ кешуді кейбір зұлматтардың басынан өткергенімен қазақ деген батыр халық, ақын халық, жомарт халық ешкімге есесін жібермеген, намысын таптатқан емес. Дей тұрғанымен, бізге Егемендік оңай жолмен келмегені белгілі. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен еркіндікке қол жеткізгелі отыз жылдан асты. Қаншама толайым табыстарға қол жеткіздік. Қазақ халқын әлем мойындап, саналып отыр.
Тәуелсіздікті ту етіп бейбітшіліктің арайына айналған ел жұртымыз, намысты еліміз барда біз әлі талай асуларды бағындырамыз.Биіктерге қол жеткіземіз.
Отанымыздың көркейіп гүлденуі жолында әрбір қадамымыз қайырлы болғай!
Республика күні құтты болсын!
Жақыпбай Ақшалов,
«Панфилов ауданының Құрметті азаматы»