«Мәңгілік жаса қыран елім Қазақстаным» атты дөңгелек үстел өтті

2023-10-23


«AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Е.Оспанбаев  25 қазан - Республика күніне орай «Мәңгілік жаса қыран елім Қазақстаным» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.  Шараға Панфилов аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мамандары қатысты.

 

Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне қайта енген бұл күннің маңыздылығы ерекше. Көпұлтты еліміздің достығы, жеткен жетістігі, жас буынға бүгінгі Жаңа Қазақстанның патриоттығын айқындайтын тарихи мереке. Бұл күн ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған-Ұлы күн!Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап,келешегі көркейе берсін – деді Е.Оспанбаев.

Бұл мереке еліміздің еркіндігін, қуаттылығын және гүлденуін білдіреді. Аспанымыз бейбіт, таза, жұртымыз бір үлкен отбасыдай ынтымағы жарасқан болсын. Жүрегіміз мемлекетімізге деген мақтаныш сезіміне бөленіп, бірлік пен түсіністікке ұмтылып, жемісті еңбек бақытты болашақтың сенімді кепілі болғай деп, Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің маммандарын Республика күнімен құтықтап алғыс хаттармен марапаттады.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4158524