ТІЛДің шұбарлығы – ұлтқа төнген қауіп
- Толығырақ
- Жарияланды 26.04.2024 11:34
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 202
2024-04-26
Өздеріңізге мәлім тіл мәселесі қазіргі таңда ең өзекті десем ол артық айпағандық болар. Себебі тілі жойылған халықта мемлекет болмайды ол да бір шындық. Ал тілін құрмет тұтатын ел барлық жағынан дамыйтыны да рас. Тіл туралы сөз болғанда мен қазақпын дейтін әр азаматтың ойлатыны рас. «Біздің тіліміздің қазіргі уақытта қолдану аясы қандай? Менің жанымдағы ортам қай тілде сөйлеседі?»,- деген сияқты тағы басқа тілге қатысты сұрақтарын қойып, ойланатыны рас.
Себебі қазіргі таңда біз батыстың батпағына батып, тілімізді, ділімізді, рухани құндылық деген сияқты нәрселерді ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Оған кімді кінәләу керек? Әрине өзімізді. Сіз осы елде туылдыңыз ба, сіз қазақша сөйлеуге міндеттісіз. Оны кейбір мәңгүрттер түсінбей, қазақ тілінің қолдану аясының өте төмен екендігін де көрсетіп келеді. Оған себеп үйдегі тәрбиенің де дұрыс балаға түсіндірілмегеннің кесірі. Баланың кішкентай кезінен бастап ана тілін құрметтеуді үйретілсе, ондай ұрпақтан сіз ешқашан болашағы үшін қорықпайсыз. Керісінше нағыз ұлтына қамқор және отбасына рухани тәрбие бере алатын азамат болатыны сөзсіз.
Ал осы тілге қатысты тағы бір маңызды мәселе алғаш мектеп табалдырығын аттаған балаға ағылшын тілі, орыс тілі сияқты пәндерді қосып оқыту, мектепке жаңа келген бала үшін алып кету қиын-ақ. Себебі өз ана тілінің құрылымын дұрыс түсіне алмаған. Былайша айтқанда бала өз ана тілінде дұрыс ақпарат қабылдап, үйрене алмай жатқанда біз оған ағылшын тілі мен орыс тілін қосып бердік. Бұл да баланың ана тіліне деген махаббатын аша алмайтыны тағы рас. Сондықтан да мектеп табалдығын аттаған жас баланың миына тек ана тіліне деген махаббатты құйып, ұлттық құндылықтарды да құрметтеуге үйрету керек-ті.
Біз тілге құрмет көрсетуді әр буынға үйрете білсек, бала да соған қызығушылықпен қарайды.
Сондай-ақ, жоғарыда атап өткенімдей мәселе қазақтың жауы ол қазақ бола тұра баласын орыс тілді немесе ағылшын тілді мектептерге беру. Әрине бұл елдің дамуы жағынан алғанда дұрыс деп қарау шығар. Ал елдің дамуына меніңше жаны ашитын азаматтың жаныда қазақ деп соғуы керек. Сол елдің тілі мен салт-дәстүрін де ажырата білуі керек. Сонымен қатар Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сияқты жаны қазақ болып соққанда ғана сіз елге көмек көрсете аласыз.
Осы жерде өз ойымды қортындылай келе Абай жолы романынан бір үзінді: «Абайдың әкесі Құнанбай баласының жоғары таудың суындай мөлдір, оған тек қолы жеткен адам ғана саған жетуі керек дейді, ал Абай керісінше одан да халықтың қамын ойлайтын жерде жатқан көлшік су болсамда әйтеуір бір адам шөлін қандырса да бұл мен үшін үлкен құрмет деп әкесіне қарсы шыққаны» бұл жерде Абайдың қандай дана болғанын байқаймыз. Сондықтан да барлық тілді білу керек, ал өз тіліңді басқа тілдерден жоғары ұстауың керек. Ол сенің еліңді, ұлттық құндылықтарды құрметтеуді көрсетеді.
Сымбат ӘБДІРЕШ.