ҰЛТТЫҚ МҰРА: ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

2024-05-17


«AMANAT» партиясы Ақсу аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында еркін күрестен жасөспірімдер арасында ашық турнир өтті.

 

Екі күн бойы Жетісу және Алматы облыстарының түкпір-түкпірінен 205 жас балуандар қатысты. Өзара күш сынасып, жарыс жолында шеберліктерін көрсетті.
Облыстық турнирдің шымылдығын "AMANAT" партиясы Жетісу облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Асхат Сейденұлы ашты. Аталмыш шараға Ақсу аудандық филиалының төрағасы Серікқан Амангелдіұлы, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Күлайхан Тұрсынбекқызы, Ақсу аудандық мәслихат төрағасы Бейбіт Жаңылысұлы және аудандық мәслихат депутаттары, Алакөл ауданы Лепсі спорт интернатының директоры Елдос Шәріпұлы қатысты.
Жас жеткіншектердің алдында сөз алған облыстық партия филиалының өкілі Асхат Сейденұлы жас балуандарға сәттілік тілеп, алдағы уақытта ел намысын байрақты додаларда қорғайтын чемпион болыңдар деген ақ тілегін білдірді.
Күрес ережелеріне сәйкес өткен турнирде 2011-2012 жылғы жастар 10 салмақ (32,35, 38, 41, 44, 48, 52,57,62, 68 ) дәрежесі бойынша күш сынасты.
Аталмыш жарыстың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту.
Командалық есепте 1-орынды Ақсу ауданы қанжығалады. Талдықорған қаласының спорт интернаты жүлделі 2 орынды уысына түсірсе, 3 орынды Ескелді ауданының еркін күрес шеберлері қоржындарын толтырды.
Белбеу жүлдегерлері:
????32 КЕЛІ САЛМАҚТА:
????орын Әуезбек Шуақ (Кербұлақ ауданы)
????35 КЕЛІ САЛМАҚТА:
▪️????орын Нұрғазы Мирас (Алматы облысы)
????38 КЕЛІ САЛМАҚТА:
▪️????орын Мұхаметжан Арнұр (Алакөл ауданы)
????41 КЕЛІ САЛМАҚТА:
▪️????орын Рахатов Нұртілеу (Кербұлақ ауданы)
????44 КЕЛІ САЛМАҚТА:
▪️????орын Адамжан Арлан (Талдықорған қаласы)
????48 КЕЛІ САЛМАҚТА:
▪️????орын Сүлеймен Әбілмансұр (Талдықорған қаласы)
????52 КЕЛІ САЛМАҚТА:
▪️????орын Сатымбай Нұрислам (Көксу ауданы)
????57 КЕЛІ САЛМАҚТА:
▪️????орын Серік Жасұлан (Талдықорған қаласы)
????62 КЕЛІ САЛМАҚТА:
▪️????орын Тәшен Ахметқали (Талдықорған қаласы)
????68 КЕЛІ САЛМАҚТА:
▪️????орын Туруспек Мейіржан (Ескелді ауданы)

Күнтізбе

« Шілде 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4389542