Сарбаздарға қару табысталды

2024-05-21


 

ҚР ҰҚК шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы кәсіптік және техникалық дайындық бөлімінде бірнеше күн бұрын Ант қабылдаған жас сарбаздарға салтанатты түрде қару тапсыру рәсімі өтті. Әскери теxника мен қаруды тапсыру рәсімі - әскердегі сарбаз үшін маңызды оқиғаларының бірі.

Аталған шекара басқарманың әскери қызметшілері саптық алаңға тұрғызылды. Басшылық құрам мінберге шыққанан кейін ортаға Қазақстан Республикасының Туы шығарылды. Жеке құрамға жеке қаруды бекіту туралы бұйрық жеткізілгенен кейін бөлімше бастықтары сарбаздарды ортаға кезек-кезек шақырып, қаруларын табыстады.

Жас сарбаздар курста оқу кезінде штаттық қарудың сипаттамасын, оның жауынгерлік мүмкіндігін, заманауи ұрыстың маңызын, сондай-ақ қару-жарақпен, әскери теxникамен, ату қаруымен жұмыс жасау кезінде қауіпіздік шаралардың талаптарын зерделеген болатын. Міне, ендігі кезекте олар жеке қаруларын салтанатты түрде қолдарына алып отыр.

Әр шекарашыға қарулары табысталғанан кейін Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы полковник Иван Кирьянов:

-  Әрбір сарбаздың міндеті - өзіне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы шебер меңгеру және оларды Отан қорғауға үнемі дайын күйінде ұстау. Қолдарыңа берілген қару тек оқу-жатығуда ғана қолданылсын. Барлығыңызға сәттілік тілеймін! – деді

Бүгінгі өмірлерінде есте қаларлық сәт жөнінде жас сарбаздарды да сөзге тарттық:

-  Қаруға жауапты болуға және өзіңнің қызметтік міндетіңе лайықты болғаныма мақтанамын. Мен өзімнің қаруымды лайықты деңгейде ұстаймын. Отандастарым мен ата-анамның, командирлерімнің сенімін ақтацмын деп сенімді тұрде айта аламын, - деді қатардағы жауынгер Тимур Баевмбаев. 

         Маңызды шара соңында кешегі мектеп оқушысының қолына қару ұстаған нағыз әскери қызметші атанып, жауаптылықты сезінгенін түсіндік. Шара соңында сарбаздардан құралған жорықтық сап салтанатты маршпен жүріп өтті.

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Күнтізбе

« Шілде 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4388403