Азық-түлікпен көмек көрсетті

2024-05-21


«Қайрымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбаныш болып сүрінгенді сүйеу, мұқтаж жандардың талған өзегіне демеу беру - халқымыздың бойына сіңген қасиет. Себебі қоғам бар жерде өкінішке орай, тағдыр талқысына түскен жанұялар да кездеметіні сөзсіз.

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Жедел-техникалық бөлімінің бастығы полковник Ермек Ұлтанбековтің мұрындық болуымен тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға қайырмдылық жасау шарасы ұйымдастырыды.

Майор Жанна Өмірова, кіші сержант Айдархан Бимурзанов, ефрейтор Талғат Сембаевтан құрылған топ ауыл арасын аралады. Азық-түліктерді алдын ала жасалған тізімге сай әр үйге таратты. Қамкөңіл жандар әскери қызметшілердің тарапынан жасалған қамқорлықтары үшін шын жүректен ризашылықтарын білдірді.  

Жедел-техникалық бөлімінде Панфилов ауданы, Головацкий ауылының әлеуемттік аз қамтылған жанұяларына көмек қолын созу үрдісі бұрыннан-ақ қалыптасқан. 

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4781379