«Тағамды шын жүректен дайындаймын...»
- Толығырақ
- Жарияланды 21.05.2024 07:04
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 186
2024-05-21
Астың дәмін келтіретін тұз болса, екеуінің де дәмін келтіретін – білгір аспаз. Өнердің түрі көп. Соның ішінде аспаз өз алдына бір сала. Дегенмен астың қадірін білу, дәмін сезіну, адамға тағам арқылы қуаныш сыйлай білу – басқа дүние. Мұндай қасиетке ие болу кез-келгенін қолынан келе бермейтіні талас тудырмас.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Текелі» оқу жаттығу үйрету кавалериялық тобының аспазы Фатима Сарымсақованың мамандығы – балабақша тәрбиешісі. Оқу орнын тәмамдап, жұмысын жаңадан бастаған жас маман тоқсаныншы жылдардың қайта құру кезеңіне тап болады. Балабақша жабылады. Өзге адамдардай түрлі жұмыс жасап, тұрақты қызмет іздедейді. Қосымша аспаздық мамандығы бойынша курста оқиды. Бала кезден тамақты әріне келтіріп пісіретін Фатима түрлі ас мәзірін дәмін келтіріп әзірлеуді тез үйреніп алады. Бірнеше жерде жұмыс жасап, мақтауға ие болады.
- Аспаздық өнерді маған Жаратқанның сыйы деп білемін. Әр тағамды шын жүректен дайындаймын. Шекарашылардың ұжымы жанұямдай болып кетті. Қарулас достардың бір-біріне деген өте жанашыр болатынын осы әскери ортаға келгелі түсіндім десем де болады. Әрқашан бір-біріне көмегін беруге әзір. Қолдарынан келген жақсылықтарын аямайды. Ал мен болсам, өз кезегімде қырағы қызметте жүрген шекарашыларға құрамы қажетті витаминге толы тағам дайындауға әзірмін. Пісірген тағамды уақытында үстелге қоямын. Әскери қызметшілер үшін тәртіптің бірінші орында екенін жақсы түсінемін. Мейрам күндері меркелік ас мәзірін әзірлеймін. Әрине, ол кезде тәттілердің түр-түрін дайындауға тырысамын. Негізінген маған сірне, жапаншы, мәнті, лағман дайындаған ұнайды. Қару асынып, шекара нарядында жүрмесем де мен өзімді шекарашы ұжымның бір мүшесімін деп санаймын. Маған осы ортадағы қызметім қатты ұнайды. Мемлекеттік шекара күзетінде жүрген шекарашылардың мерейі арта берсін!, - дейді Фатима Нұрахметқызы.
Біз де шебер аспаздың жұмысына сәттілік тіледік!
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті