Әке - отбасының тірегі
- Толығырақ
- Жарияланды 30.05.2024 06:34
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 177
2024-05-30
Бала үшін ата-ананың өз орны бар. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасының барлық ауыртпалығын көтеретін, бағып-қағу мен жақсы тәлім-тәрбие беруге тікелей қатысты адам. Қиындыққа қайыспас емен. Мейірімді жан.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы мектеп ұжымымен бірге «Әке - отбасының тірегі» атты тәрбие сағаты өтті. Шара Жаркент қаласының Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің аумағында ұйымдастырылды. Қонаққа шекара сақшыларымен бірге оқушылардың әкелері де қатысты. Жиналған қауымға мектептің өнерпаздар ұжымы концерттік бағдарлама берді. Жасөсіпірімдердің шарықтатқан әні мен мың бұралған биі, тамаша күйі көрермендердің көңілінен шықты. Мектеп ұжымына, шекара сақшылары мен ардагерлерге, келген қонақтарға сөз кезегі берілді.
Концерттік бағдарламадан кейін оқушылар әкелерімен бірге Ұлы Отан соғысы кезде Отан үшін қыршынан үзілген боздақтарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Батырларымыздың рухына тағзым етті.
Қазақ халқымыз ежелден ата-анаға деген сыйластық пен құрметті баланың бойына сіңіре білген. Баланың кішкентайынан жауапкершілікке, адалдыққа, үлкенді құрметтеуге, шыншыл болуға бағытталған «Әке - отбасының тірегі» атты тәрбие сағатының саналы ұрпаққа берері мол болды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті