Тестілеуден өттің бе?..

2024-05-30


 Қазтест – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. Бірнеше жылдан бері елімізде азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ретінде қолданылып келеді.

 

         Тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым, жазылым, айтылым кезеңдерінен тұратын Қазтест жүйесі қазіргі кезде мемлекеттік қызметшілердің тіл білу деңгейін анықтауда үлесі бөлек. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаметіне қарасты Панфилов ауданында орналасқан шекара басқармаларының жеке құрамы Жетісу облысының «Тіл»  оқу-әдістемелік орталығы және Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен Қазтест жүйесі бойынша мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтауға арналған тесттік жүйеден сынақ тапсырды.

Жетісу облысы Тіл оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Жолдыбаев:

-  Тестілеуге  227 адам  қатысты. Олар: ҚР ҰҚК Шекара Қызметі Жетісу облыстық департаментіне қарасты Қорғас шекара басқармасының, Панфилов ауданды бойынша басқармасының жеке құрамдары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Жаркент аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері, ҚТЖ Алтынкөл станциясының қызметкерлері, - дейді.

 «Білім – инемен құдық қазғандай» демекші, тілді меңгеру барысында әскери қызметшілердің деңгейі жоғарылай беретінен сенімдіміз!

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4729948