Көріскенше, шекара...
- Толығырақ
- Жарияланды 30.05.2024 06:46
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 189
2024-05-30
Соңғы жылдары мерзімлі әскери қызметке қабылданған жастардың бір қатары: «Жоғары оқу орнына грантқа түстім», - деп қуанатын болды.
Солардың бірі ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында Отан алдындағы мерзімді әскери қызметін атқарған қатардағы жауынгер Аңсаған Айдын.
- Мен, мерзімді әскери қызметімді «Көктем-2023» сарбаздарымен бірге өтедім. Әскерге дейін Қарағанды қаласындағы «Архитектор техник жобалаушы» мамандығын бойынша құрылыс колледжін аяқтаған едім. Жолым болып, әскердегі үлгілі тәртібім мен түрлі пәндерді «өте жақсы» деген бағаға тапсырғаным үшін Т.Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институтының грант иегері атандым.
Әскердегі жақсы үлгерімім мен оқуда алда болғанымның нәтижесін көріп отырмын. Қолыма грант иегері атанғаным жөнінде жолдама тиді. Өзім Қарағанды қаласының тумасымын. Отбасымда екі інім бар. Мен ең үлкенімін. Ортаншы інім де студент. Бәрімізді оқыту ата-анама ауыр тиері сөзсіз. Бұл ақжолтай жаңалықты естіген жанұям да қуанып жатыр, - дейді.
Аңсаған Айдынұлымен сұхбат кезінде институт жанындағы әскери кафадраның тәмамдап, болашақта Шекара қызметіне құрылыс маманы ретінда әскери қызметке орналасқысы келетінін айтты. Сөз соңында, «Мен әскермен қоштаспаймын, шекараға көріскенше, деп айтамын», - деп күлімдеді.
Біз де бірер жылда иығына қос жұлдыз тағып келуді армандаған кешегі сарбазға, «Ақ жол!», - дейміз.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті