«ӘКЕ БОЛУ - БІР БАҚЫТ,
- Толығырақ
- Жарияланды 14.06.2024 08:46
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 167
2024-06-14
Ата-ана – бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға. Сондықтан болар балаға қамқорлық жасап, оған жақсы тәрбие беруде ата-ана қоғам алдында жауапты. Әке мен шешенің аялы алақаны, ыстық ықыласы бала үшін аса маңызды. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды.
Пайғамбарымыз бір хадисінде «Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы - оның
жақсы тәрбиесі» деген екен. «Ата - ана – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», - дейді дана халқымыз. Ал әкені –әулет басшысы, отбасы тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы деп бағалаған. Жас ұрпақты адамгершілікке,имандылыққа, төзімділікке, қ а й р а т т ы л ы қ қ а , отансүйгіштікке баулып өсіруде әке тәрбиесінің орны бөлек. Яғни, отбасында ер адамның атқаратын рөлі ұшан –теңіз Әкенің махаббаты мен ананың шапағаты, жүрек жылуы бала үшін –ең үлкен бақыт. Өкінішке орай, мұндай бақытқа барлық бала бірдей жете бермейді. Ал, шаңырақтың ұйытқысын сақтап, берекесін тасытатын - әйел. «Еркек – бас, әйел - мойын», «Еркекті ер қылатын да, ез қылатын да - әйел», деп қазақ текке айтпаса керек. Әр кезде хан да, қара да жарымен кеңесіп, ақылдасып отырған. Қазақ әйелі азаматының кемшілігін байыппен жеткізе білді. Балаға әкесінің әрбір игі ісін дәріптеп «Әкеңе айтамын» деген бір ауыз ғана сөзбен тәртіпке шақырып, әкенің бала тәрбиесіндегі отбасындағы орнын биікке
көтерді. Яғни, отбасының бақыты әйелдің қолында болса, ер адамды асыраушы деп құрмет көрсетті. «Әкеңе айтамын» деген бір ауыз ғана сөзбен баланы тәртіпке шақырып, әкенің бала тәрбиесіндегі отбасындағы орнын биікке көтерді. Яғни, отбасының бақыты әйелдің қолында болса, ер адамды асыраушы деп құрмет көрсетті. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп бабаларымыз ибалы ұл, инабатты қыз өсіруге көңіл аударған. Анасы баласына «Әкеңмен ақылдас», «Әкең біледі», «Әкеңнің айтқанын істе» «Әкеңді ренжітпе», «Әкеңді сыйла» деген сияқты дәстүрімізге сай сыпайы сөздерді айтып отырса, әке бала алдында сыйлы болары сөзсіз. Мұның бәрі сыпайылық пен инабаттылықтың және мәдениеттіліктің белгісі деп түсінеміз.Ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі басым. Сондықтан әкелер де бала тәрбиесін естен шығармағаны абзал. Ұл бала тек ер адамдарға ғана еліктеп өсетінін білеміз. Әкенің қатаң мінезін көрмей өскен баланың бойында олқылықтың белгісі
аңғарылады. Әке баласына қорған болатын панасы, арқа сүйейтін асқар тауы. Сол сияқты қыз балаға да әкенің орны бөлек. «Әке болу - бақыт, әкелікті ақтай білу – мың бақыт», - дейді Ғалымжан рысБаЕв (суретте).
«Әке болу – бір отбасының отағасы. Ұстаздың жас ұрпаққа бақыт, әкелікті ақтай тәрбие берудегі істі білу - мың бақыт», - дейді тәжірибесі аудан, облыс, көлеміне танылған ұстаз.
Қазақстан қазір әлем тізімінде отбасы бұзылатын алғашқы ондыққа ілінген. Бұл күні жалғызбасты еркектер саны 60 мыңнан асып жығылады. Ал 300 мыңға жуық әке өз бауыр еті баласын асырай алмай бас сауғалап қашып жүр екен.
Қ а з а қ с т а н д а мұғалімдердің 99 – пайызы әйелдер болуынан, олардың көбі ұл оқушымен қарым – қатынас тәртібін білмейді. Сондықтан тек қорқыту әдісін пайдаланады. Мысалы, Қытайда 99 пайыз ер мұғалімдер істейді. Мұның қоғам, ел үшін оның мәні тереңде жатқанын ер мұғалімдер жақсы біледі. Ал жастайынан бойына қорқыныш,үрей қонған ұл өмір бойына қорқақ, ынжық болып кететінін мұғалімдер мен ата – аналар ұқпай жүргені өкінішті. Ұлды болашақ Отан қорғаушы әке деп көргіміз келсе, мектепте, отбасында ұл тәрбиесін қайта қарап, қазақ қоғамы жаңа әдіске көшуі тиіс,-дейді, Еңбекші орта мектебінің директоры Ғалымжан Рысбаев бізбен әңгімесінде. Бүгінде немере сүйіп отырған Ғалымжан Қалиұлы әріптестері арасында үлкен беделге ие, білікті ұстаз Ғалымжан Қалиұлы 2013 – 2019 жылдар аралығында Алматы облысы білім басқармасының әдістемелік кабинетінің әдіскері ретінде көп жылғы қаңтарынан бастап Жаркент қаласындағы Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ – нің директоры қызметін бүгінгі күнге дейін быроймен атқарып келеді. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі іс-тәжірибесі аудан, облыс, республикалық басылымдарда таратылған. Алматы облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің «Эстетикалық пәндерді оқытуда әдістемелік қызметтің рөлі» атты озық тәжірибелер жинағында «Натюрморт» 2016 жыл, Ұлы Жеңіске 70 – жыл облыстық шығармашылық көрме байқауы каталогі 2015 жыл, «Ең үздік шығармашыл мұғалім» каталогі 2015 жыл, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне - 25 жыл 2016 жыл каталогінде еңбектері жарияланған.
Тәрбиелеген шәкірттері бүгінде елімізде түкпір – түкпірінде жемісті еңбек етуде. Көп жылғы еңбегі ескеріліп, 1999 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталған. Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының
мүшесі.
Б.БЕйсЕнқызы