«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмас»

2024-06-14


Әке – отбасының алтын діңгегі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның әулеттегі орнын қастерлеп, қадірлеукез келген бааланың перзенттік борышы. Әке – баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі. Ол бала үшін барын аямайды, әке әулетті асыраушы.

 

Жуырда Нағарашы орта мектебінде «Бір әкенің тәрбиесінжүз мектеп бере алмас» тақырыбында әкелер форумы өтті. Форум барысында ардақты әкелер түрлі іс-шараларға қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Ауылымыздың дария қариясы Нұрғазы атаның ақ батасымен форумның шымылдығын ақ жаулықты әжелеріміз әсем әнмен ашты. Ардақты әкелерді оқушыларымыз «Мың алғыс әке баққаның үшін» әнімен құрметпен қарсы алып, жетігенмен ән айтып, домбырамен күй шертіп қарсы алды. Одан кейін әкелерге форумның бағдарламасы таратылып, эмблемалар үлестірілді. Акт залына жиналған әкелерге оқушылар хорымен«Әке» әнін айтып, қыздарымыз биімен шашу шашты. Сонымен қатар, салтанатты шараға тарихшы, PHd доктор, «Jana Jarkent» қоғамдық қорының негізін қалаушылардың бірі Алмас Тоқсанбаев, математик, PHd доктор, «Jana Jarkent» қоғамдық қорының негізін қалаушылардың бірі Саят Ибраимов, Пед.академия негізін қалаушы, Жұмахан секілді арнайы шақырылған мамандар әкенің қоғамдағы рөлі туралы сөз сөйлеп өз-пікірлерімен бөлісті.

 Әкелер форумы аясында оқушылардың әкелеріне хаты таратылып, сахнада кейбір оқушылардың хаты да оқылды. Одан кейін мектеп директоры Айшолпан Рахымбаева сөз сөйлеп, әкелерге алғысын айтты. Мектеп психологы Жанаргүл Әбілғазиева қызықты тренинг ұйымдастырып, әкелерге көтеріңкі көңіл сыйлағаннан кейін, әкелер бағдарлама бойынша әр топтарға бөлініп, өнер көрсетті.

Бірінші топ «Аялай біл, сен деп соққан жүректі» тақырыбында арнайы мамандардың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға қатысты. Бұл шарада әкелеріміз балаларымен бірге бір-бірін қаншалықты жақсы танитынын тексеріп, сұрақтарға жауап берді. Екінші топ «Әке-өмір тірегі» деген тақырыпта бастауышпән бірлестіктері өткізді. Бұл топта көбінесе бастауыш сыныптың әкелері қатысып, жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, ойларымен бөлісті. Келесі топ «Өнегелі әке» деген тақырыпта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі мен 7-8 сыныптың сынып жетекшілері ұйымдастырды. Әкелер спорттық сайыстарға қатысып, күштерін тексеріп алды. Келесі топ әкелер шеберханасы тақырыбында 5-9 сыныптың сынып жетекшілері ұйымдастырды. Әкелер түрлі қызықты сұрақтарға жауап беріп, ойындар ойнады.

             Осылайша әр топта өнер көрсеткен әкелерге шарадан кейін Акт залда керемет кеш қойылды. Сахнада әкелер балаларымен бірге өнер көрсетіп, кештің сәнін келтірді. Қуандық Абижанов пен қызы Гүлсезім «Әке мен қыз» әнін айтты, Ерназар Нұржанұлы ұлы Бекназармен бірге Абай өлеңдерінен үзінді оқыды, 1 сынып арулары вальс биледі. Осындай шараға белсене атсалысқан әкелерге жүрекжарды алғысымызды айтамыз.

                                                                                                                            Өз Тілшіміз

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4781380