"Әке жолы ізгі жол" әкелер форумы

2024-06-14


 

                 Әр отбасы жеке мемлекет. Ол мемлекеттің іргетасын қалаушы, басқарушы – отағасы, әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Алайда, әке болу бар да, әке бола білу тағы бар. Әке әулеттің басшысы. Отбасы мүшелерінің тірегі. Осы бағытта Е.Сыпатаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ананың балалары мен қоғамның алдындағы жауапкершілігін арттыру, жанұяның асыраушысы,қамқоршысы, тірегі саналатын әкелердің алатын орнын айқындап, рөлі мен беделін көтеру мақсатында «Әке жолы ізгі жол» әкелер форумы өтті.

 

  • Форум төрт бөлімнен тұрды. Ең алдымен әкелер легін оқушылар көңілді қарсы алып, Айтболат Керімбековтың арнауымен әсем безендірілген мектеп залында ашылуы болды. Ауылымыздың абыз ақсақалы Әбдраман қариямыз батасын берді. Қонақтарымыз өздерінің қабілеттері бойынша топтарға бөлініп,балаларымен арнайы сыныптарға жайғасты. Бірінші топ «Шебер әкелер» тобын көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жаңабай Мейір жүргізді. Өз ұлттық құндылықтарымызды насихаттап қолөнер туындыларымен, жасалу жолдарымен таныстырды. Екінші топ «Өнерлі әкелер» ауыл ақсақалдар қауымдастығының төрағасы,зейнеткер ұстаз Адилов Дәулетқазы Рахымғазыұлы мен Керімбеков Айтболат бастаған өнерлі әкелеріміз қазақтың киелі домбырасымен ән айтып, күй шертті.
    Үшінші топ «Спорт сүйер әкелер» тобы спорттық секцияларда дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ұлттық ойындар, арқан тарту тоғызқұмалақ, шахмат, ойындарын көрсетіп салауатты өмір салтын насихаттады. Төртінші топ «Парасатты әкелер» тобымен мектеп психологы Махмутова Назира Қасымханқызы тренинг жүргізді. Тренинг барысында әкелер балаларының өздеріне жазған аттарын оқып көздеріне жас алды.
    «Әке жолы ізгі жол» тақырыбындағы қорытынды бөлімі мектеп мәжіліс залында жалғасын тапты. Әр топтың әкелері бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісіп, мектеп психологы Н. Қ. Махмутованың психологиялық тренинг жаттығуларына қатысып, әкелер жоғары белсенділік таныта білді.

    Қорытындылау барысында өнерлі әкелер өз өнерлерін ортаға салды. Әкелердің құрметіне «Мектеп парламент» президенті Д. Жанғазы мен дарынды оқушымыз К.Дәулетқан әсем әндерімен шашу шасса, домбырашылар тобы «Адай» күйін күмбірлете орындап әкелер ризашылығына бөленді. Қонаққа келген зейнеткер ұстаздарымыз Адилов Дәулетқазы Рахымғазыұлы-ауыл ақсақалдар қауымдастығының төрағасы,Рахманов Исағазы Жанғазыұлы-технология пәнінің мұғалімі, Көшербаев Болысбек Бекбосынұлы- бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі, Бекбосынов Ермек Баратұлы –дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері өз ойларымиен бөлісіп,пікір алмасты. Іс шарамыздың соңын мектеп директоры Е. Байсеркеев жүрек жарды ризашылығымен қорытындылады. Осындай керемет әкелер форумын ұйымдастырған мектебіміздің педагог ұйымдастырушысы Далбаев Қыстықбай Сатыбалдыұлына алғысымыз шексіз.
  • Жанар Түгелбаева,
  • қазақ тілі мен
    әдебиеті пәнінің
    мұғалімі.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725594