"ӘКЕ -ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ" АТТЫ АУДАНДЫҚ ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

2024-06-14


О т б а с ы л ы қ құндылықтарды сақтап, бала тәрбиесіне аса мән беру бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселесінің бірі. Осы аталған бағытта Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте «Әке-тәрбиенің алтын діңгегі» атты аудандық әкелер форумы өтті.

 

 

 Бұл шараның мақсаты бала тәрбиесіндегі әкелердің жауапкершілігін арттыру, құрмет көрсету, отбасы құндылықтарын жандандыру, әкелерді мектеп өміріне, қоғамдық жұмыстарға тарту болды. Форум үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде 300- ге жуық әкелер 8 бағытта ұйымдастырылған тәрбиелік мәні зор іс-шараларға қатысты. Спорттық секцияларында ұлттық ойындарына 90 әке, сондай-ақ 60 әке эстафеталық ойындарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

Сондай-ақ, форумға келген әкелер кітапханаға, мектеп мұражайына, қолдау кабинетіне, психологиялық әлемге саяхат жасап, тәрбие сағаттарына қатысты.

Екінші бөлімде директордың тәрбие-ісіжөніндегі орынбасары Сандуғаш Батықанқызының «Сыр – сұхбат» бағдарламасымен жалғасты. Студия төріне қонаққа келген аудан әкімінің орынбасары Қанат Нұркешұлы, Жаркент қаласының әкімі Айдар Исаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Азат Жақыбай, атааналар комитетінің төрағасы, Ардагерлер кеңесінің төрғасы, «Қамқоршылар» кеңесінің төрағасы келіп, ой бөлісіп, пікір алмасып, тәжірбиелерімен бөлісті.

Ал үшінші бөлімде мектеп директоры Раушан Баякеева осы форумға белсенеқатысқан әкелерді құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер әкелеріне деген ақжарма тілектерін білдіріп, өз өнерлерін көрсетті.

                                                                                Сымбат ӘБДІРЕШ.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725541