Қайсар ұлы халқымның

2024-06-25


ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы  Алакөл аудандық орталық кітапханасымен бірге «Қайсар ұлы халқымның» атты Кеңес Одағының батыры, Армия генаралы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы» Сағадат Нұрмағанбетовтың дүние келгеніне 100 жыл толған мерейтойы аясында портреттік кеш өтті.

 

Шара барысында Сағадат Нұрмағамбетовтің өмірбаяны мен еңбек жолынан ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға сардардың өмірі мен еңбек жолына қатысты бірнеше  сұрақтар қойылды. Танымы мол шарада жастардың көңілге түйер маңызды ақпараттар көп болды. 

Кітапханашы Анар Дарқамбаева:

-  Шекарашылардың қаламыздың қоғамдық жұмысындағы алар орны ерекше. Жастарды партриоттық тәрбиелеуге арналған жұмыстарды үнемі бірге өткізіп тұрамыз. Бірде осында ұйымдастырсақ, бірде шекарашылардың шаңырағында өткіземіз. Мұндай тығыз қарым-қатынасымызды келешекте де  жалғастыратынымызға сенімдімін, - дейді.

Ақын сарбаз Қазыбек Ерлік «Жауынгердің ұраны» атты өз өлеңін мәнерлеп оқыды. Ал Санжар Сабыржан Құрманғазының «Балбырауын» күйін нақышына келтіре орындады.

Шара соңында сарбаздарға Сағадат Нұрмағамбетов туралы видео көрсетіліп, кітапхананың  библиографы Айгүл Қабидоллақызы әзірлеген  кітап  көрмесі ұсынылды.  Кітапхана ұжымы Алакөл шекара басқармасының жеке құрамына «Алты Алаштың Алакөлі» атты энциклопедияны сыйға тартты.

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Күнтізбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4628684