БАҚ өкілдері шекара шебіне барды

2024-06-25


ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті мен Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарына ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Сарқан» шекара бөліміне қарасты «Басқан» шекара бөлімшесінің жауынгерлік қызметімен таныстырды.

 

Журналистерге шекарабөлімшесінің қару-жарақ, техника мен шекара күзетуге арналған құрал-жабдықтарынан ұйымдастырылған көрме қойылды.

Жеке құрамның «Қаруға» пәрмені бойынша көтерілу реті  мен шекара шебіндегі «Дабыл тобы» шекара нарядының мемлекеттік шекараны күзетуі көрсетілді.

    Шекара бөлімшесінің қызметтік иттерімен жаттығу жүргізілді. Сонымен қатар БАҚ өкілдеріне мемлекеттік шекара бұзушысын қолға түсіру бойынша айла-тәсілдерін көрсетті. 

     «Сарқан» шекара бөлімінің бастығы майор Бекзат Кеуенов пен «Басқан» шекара бөлімшесінің бастығы аға лейтенант Әбдіхан Серікбай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725584