Отбасы - бақыт мекені
- Толығырақ
- Жарияланды 11.09.2024 12:36
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 83
2024-09-11
Үлкеншыған ауылдық кітапханасының және мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай "Отбасы – бақыт мекені" атты Қырыққұдық ауылының тұрғыны ішкі істер бөлімінде жұмыс жасап кәзіргі күні 70 жасты алқымдап қалған Қуатов Әли ағайымыз бен Үлкеншыған округінің әкімшілігінде бас маман болып қызмет атқарып кәзіргі уақытта зейнетке Тағаева Гулбакира апайымызбен кездесу кеші өтті.
Шараны Үлкеншыған ауылдық кітапханасының кітапханашысы жүргізді, ол өз сөзінде :
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда:
Адамдар арасындағы қарым-қатынас «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», — десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Кітапханашы Гулдана Нурғалиқызы отанасы Гулбакира апайға
1 - сұрақ қойды өз отбасыңыз туралы айтып берсеңіз ?
Үлкеншыған ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Жанар Нусипханқызы өз сөзін бала тәрбиесі туралы айта келе : Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Жазушы – педагог Ж.Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. »
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп
Кешкенің өмір босқа тек — дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Гулбакира анамызға өзінің ұл - қыздары туралы олардың жетістіктері туралы айтып беруін сұрады ? Гулбакира апайымыз сұрақтарға тұжырымды жауап берді. Кездесу кешінің соңында кітапханашы Гулбакира апайымызға артынан ерген жас ұрпаққа жақсы тілек айтсаңыз. Кездесу кештің соңында қортындылап осы Қуатов отбасына жақсы тілектер, тілеп рахметін айтып қайтты.