Әсел - Жетісудың мақтанышы

2024-09-17

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті тәрбие басқармасының консультанты подполковник Әсел Қасымова - «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» медалімен марапатталды.

 Аталған марапат әскери қызметте ширек ғасыр әскери өтілі бар шекара сақшыларына ғана берілетін медаль. Отан алдындағы әскери қызметке жастық шыған арнаған Әсел Сансызбайқызының марапатына барлық әскери ұжым қуанды. Еңбектің еленгені қашанда жақсы көңіл-күй сыйлары хақ.

Әскери өмірін 1999 жылы ҚР ҰҚК Әскери институтының курсанты атанудан бастаған қаршадай қыз бүгінгі күні кадр қызметінің білікті маманы. Жас буынға ақыл-кеңесімен бөлісетін тәжірибелі офицер. Шекара қызметіндегі қызмет өтілін «Астана» (әуежай) шекаралық бақылау бөлімінің шекаралық бақылау ауысымын ұйымдастыру жөніндегі қызмет офицерінен бастаған.

Содан кейінгі жылдары ҚР ҰҚК Шекара қызметі орталық аппаратында, Шонжы шекара отрядында, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінде түрлі лауазымдарда болған. Жүктелген міндетті асқан жауапкершілікпен орындағаны үшін бірнеше рет басшылық құраммен көтермеленген.

Салауатты өмір салтын жанына серік еткен Әсел Сансызбайқызы қысқа қашықтықта алдына жан салмайтын желаяқ. Бір сөзбен айтқанда  нағыз спортшы. Қаруластарымен бас қосқан ортада гитарамен ән шырқайтын таланты да бар.

Табиғатынан талай өнерді талма бойына сіңіре білген  подполковник Әсел Қасымова қамқор ана болуымен қатар қаруластарының мақтанышы!

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облыс бойынша департаменті

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнтізбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4639328