Талдықорғанда «Biken» II халықаралық театр фестивалі өтеді

2024-10-04

Талдықорғанда өтетін Қазақстанның Халық әртісі, Бикен Римова атындағы «BIKEN» II  Халықаралық театр фестиваліне 8 театр қатысады. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік  коммуникациялар  қызметінде өткен брифингте Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының ұжымы хабарлады. 
Қазақстанның Халық әртісі, Бикен Ырымқызының ғұмырын насихаттауға арналған алғашқы театр фестивалі өткен жылы жоғары деңгейде өтті. Биыл қазан айының 7-10 аралығында өтетін шараға түкпір-түіпірден  халықаралық бірнеше  театр ұжымы қатысады. Атап айтқанда, В.Гуния атындағы Поти мемлекеттік драма театры, Түркияның Эрзурум мемлекеттік театры, Қ.Жантөшев атындағы Ыстықкөл облыстық музыкалық драма театры қойылымдарын ұсынады.
Ал елімізден Жамбыл облыстық орыс драма театры, С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры, Б.Омаров атындағы «Жас сахна» театры қатысады.

Күнтізбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4639327