Талдықорғанда «Жайдарлы Жетісу» қайырымдылық концерті өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 29.01.2018 11:27
- Автор: Super User
- Категория: Мәдениет және руханият
- Қаралды: 2231
Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен концерт «Айналайын» балалар үйі тәрбиеленушілерінің көңіл күйлерін көтеріп қайтты.Концерт мақсаты балалардың өмірге деген құлшыныстырын арттыру, өз-өзіне деген сенімділікті нығайту, жастардың жүрегіндегі мейірімді ояту және бос уақыттарын тиімді пайдалану.
Көңілді кеште балаларға арнап І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері ән шырқап, би биледі. Сонымен қатар, жайдарманшы «Креатив», «Амиго» командалары түрлі әзілдер қойып, көптің көңілін көтеріп қайтты.
«Іс-шараны өткізуге ат салысқан барлық жандарға алғысымызды білдіреміз. Әрбір адам шарапаты мол істерді жасауға атсалысса, нұр үстіне нұр болады. Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Алдағы уақытта да мұндай шаралар жалғасын тауып, көмекке мұқтаж жандарға демеу болу міндетіміз деп білемін»,- деді студент Шалқар Нұрмұхамбетұлы.
Сондай-ақ, кеш соңын Алматы облысының Жастар ресурстық орталығы КММ-нің директоры Бахтияр Уалиханұлы қорытындылады.
– Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Осындай игі шаралар болашақта арта берсін! Білімді, өнерлі жастар көбейе берсін! , – деді ол.