Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы туралы ЕРЕЖЕ

1.  ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕ

1.1.           Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы Алматы облысының бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдерінің арасында өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы - Алматы облысының ішкі саясат басқармасы (бұдан әрі - ІСБ).

 

1.2.           Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы Алматы облысының  дамуына ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара болып саналады.

1.3.           Байқауға Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын, өзекті мәселелерді жазатын, көрсететін аймақтық газеттердің, телерадиокомпаниялардың  редакциялары,  шығармашылық бірлестіктер мен ақпараттық агенттіктер, штаттағы немесе штаттан тыс авторлары қатысады.

 

 

2.             БАЙҚАУДЫҢ  МАҚСАТЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ

2.1.           Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы   Алматы облысында  атқарылып жатқан жұмыстар туралы халықты ақпараттандыру мақсатында өткізіледі.

2.2.           Байқаудың негізгі мақсаттары:

  • Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің дамуы туралы көрсету;
  • Тәуелсіздік жылдарындағы аймақтың жетістіктерін көрсету;
  • Сапалы бұқаралық ақпарат құралдарын жылжыту және дамыту;
  • New-media-ның (блогинг, мобильді журналистика) прогрессивті түрлерін дәріптеу;

 

2.3      Байқаудың негізгі міндеттері:

 

  • Ұлт Көшбасшысының идеялары мен бастамаларын Қазақстан мемлекеттілігінің негіздері ретінде дәріптеу;
  • Облыс аумағында Тәуелсіздік жылдарында ақпараттық-имидждік жетістіктерін жария ету;
  • Баспа және электронды БАҚ өкілдерінің кәсіби өсуі мен шығармашылық                 өзін-өзі дамыту үшін моральдық және материалдық ынталандыруды құру;
  • Облыстағы журналистика қоғамдастығында жаңа перспективалы есімдерді анықтау;
  • «Астананың 20 жылдығы»,  цифрландыру, «Рухани жаңғыру», сондай-ақ мемлекет Басшысының басқа да тапсырмаларын жариялау бойынша журналистердің назарын аудару.

 

3.            КОНКУРСҚА  ҚАТЫСУШЫЛАРҒА  ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР

3.1.           Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін  журналистер арасындағы «Самғау» байқауына қатысуға жіберіледі:

  • Жеке ізденушілер - өңірлік және орталық БАҚ-да жұмыс істейтін журналистер (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлер), облыстық, қалалық, аудандық мерзімді баспа басылымдарының және телерадиокомпаниялары;
  • блогерлер/ кемінде 5К/50К жазылушы аудиториясы бар (достар) қоғамдастық әкімшіліктері;

3.2        Байқауды өткізу барысында байқауға қатысушылар презентациялар, қайырымдылық

         іс-шаралар және баспасөз-конференцияларға тартылуы мүмкін;

3.3    Номинант ұсынылған материалдардың заңды құқықтарына толық жауапты. Номинант

   туралы ақпарат өтінімді толтыру кезінде қолданылған орфография мен пунктуациясы

   сақтала отырып жарияланады.

  

4.            КОНКУРС  АТАЛЫМДАРЫ

4.1.           Байқау Алматы облысында  келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

  1. «Үздік журналист» (ақпараттық мақала);
  2.  «Үздік тележурналист» (жаңалық сюжет);
  3.  «Үздік оператор» (бейнематериал);
  4.  «Үздік фотосуретші» (фотосуреттер);
  5.  «Облыстық журналистика саласына қосқан үлесі үшін» (ардагер журналист);
  6. Үздік республикалық (халықаралық) тілші (репортаж, Алматы облысы туралы ақпараттық материал);
  7.  «Үздік тілші» (аудан, қалалық баспа баслымдары);
  8. Баспа басылымның үздік дизайны, инфографика;
  9. Үздік бейне-клип өндеуші (монтаж);
  10. Үздік облыстық Vlog (Алматы облысы бойынша бейне-блог) немесе Үздік блогер (Алматы облысы туралы пост);
  11. Үздік желілік басылым

 

  1. 5.            КОНКУРС  МАТЕРИАЛДАРЫН  БАҒАЛАУ  ӨЛШЕМДЕРІ:

5.1.           Байқау бір кезеңде өткізіледі.

5.2.           Тіркелген баспасөз және электрондық БАҚ-та  2018 жылғы 1 қаңтардан бастап                     1 қараша аралығында эфирге шыққан, тіркелген электронды және баспа БАҚ-да жарияланған бір автордың бір материалы  ұсынылуы тиіс.

5.3.           Берілген материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін байқаудың ұйымдастырушылары әділқазылар алқасын құрып, бекітеді. Тиісті біліктілік талаптарына сәйкес қатысушылардың материалдарын бағалауды сараптамалық бағалау әдісімен байқаудың қазылар алқасы жүзеге асырады.

БАҚ материалдарын бағалау өлшемдері (1-ден 5 баллға дейін):

  • Ұсынылған номинацияға сәйкестігі;
  • Әлеуметтік маңыздылығын азаматтық тұрғыдан көрсету шеберлігінің деңгейі;
  • Материалды ұсынудың жаңалығы және сонылығы, кәсіпқойлық және публицистикалық шеберлік;
  • Жарияланымдардың сапасы (тұжырымдардың , цифрлар, фактілер);
  • Суреттердегі арнайы әсерлер 30 пайыздан аспауы керек, авторлық құқықтардың бұзылмауы қажет.

 

 

 

6.            БАЙҚАУДЫҢ  ӨТКІЗІЛУ  ТӘРТІБІ

6.1.           Өтінімдер осы Ереженің жарияланған кезінен бастап 2018 жылғы 1 қарашасына  дейін қабылданады. Конкурсқа 2018 жылдың 1 қаңтарынан 1 қараша аралығында интернетті қоса алғанда, тіркелген газеттерде, тағы басқа да  БАҚ-та, теле және радиоэфирлерде, блогтарда  жарияланған материалдарды  ұсынуға болады.

6.2.           Байқаудың қазылар алқасы берілген материалдарды бағалайды және ең үздік жұмыстардың авторларын іріктейді, солардың ішінен «Жеңімпазды» анықтайды.

 

7.            БАЙҚАУДЫҢ  ҰЙЫМДАСТЫРУ  КОМИТЕТІ

7.1.           Байқауды өткізуді үйлестіру ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.

7.2.           Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу кезінде деректер базасын әзірлеп, оның ішіне, байқауға қатысушылардың жіберген жұмыстары, байқауға  қатысушылардың тізімі, байқау жеңімпаздарының тізімін құрайды.

7.3.           Ұйымдастыру комитеті өз жұмысында ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері, функциялары сипатталатын байқау туралы жазылған осы  Ережені  басшылыққа алады.

8.            КОНКУРСТЫҢ  ҚАЗЫЛАР  АЛҚАСЫ

8.1.           Ұйымдастыру комитеті байқау жұмыстарын бағалау үшін әр номинация бойынша қазылар алқасының.  

8.2.           Қазылар алқасы ұсынылған материалдарды қарауға, саралауға және ізденушілер сараптамалық бағалауын жүргізуді жүзеге асырады.  

8.3.           Қазылар алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушысы – Алматы облысының ІСБ, қоғамдық журналистік ұйымдарының өкілдері, республикалық және аймақтық БАҚ басшылары, ғылым және қоғам қайраткерлері, байқаудың демеушілері (әріптестері) кіреді.  

8.4.           Қазылар алқасы бауқаудың ұйымдастырушылары тарапынан бекітіледі.

8.5.           Қазылар алқасының мүшелері байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне міндетті түрде қатысу қажет.

9.            КОНКУРСТЫҢ  ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН  ШЫҒАРУ

9.1.           Қазылар алқасы конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

9.2.           Марапатқа лайық материалдар  болмаған жағдайда, қазылар алқасы жүлделі орын бермеу жөнінде байқау  ұйымдастырушыларына ұсыныс жасауға құқылы.  

9.3.           Байқауға қатысушының ұсынған жұмысы болжамды номанацияға өтпеген жағдайда, байқаудың қазылар алқасы осы жұмысты басқа немесе қосымша номинация бойынша қарауға құқықтары бар.

9.4.           Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді. Ресми марапаттау салтанатына жүлделі орын алған журналистер, журналистік ұжымдар, қазылар алқасының мүшелері, ұйымдастырушылар мен демеушілер, мемлекеттік органдардың, іскер, академиялық және журналистік топтардың өкілдері қатысады.

9.5.           Қазылар алқасымен анықталған байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, мүсіншемен және ақшалай сыйақымен марапатталады.

10.        БАЙҚАУҒА  МАТЕРИАЛДАРДЫ  ҰСЫНУ  ШАРТТАРЫ

10.1.      Байқауды өткізудің белгіленген мерзімінен бұрын немесе кейін жарияланған,             сондай-ақ, бұрын жарияланып, қайта басылған материалдар байқауға қабылданбайды. Ұсынылған материалдардың коммерциялық сипаты болмауы керек.  

10.2.      Конкурстық материалдар келесі мекен-жайда қабылданады: Талдықорган қаласы, Балапанов көшесі, №28 үй, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы  немесе мына электрондық мекенжай бойынша:   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .  

10.3.      Байқау жұмыстарының тілі – қазақ, орыс, ағылшын;

10.4.      Материалдар баспа немесе электрондық түрде қабылданады.

10.5.      Электронды басылымдарда өтінімдерді қабылдаудың шарттары:

  • Материалдар MP4, full HD форматта қабылданады;
  • Материалдың хронометражы 3 минуттан аспауы тиі;
  • Фотосуреттер ең төменгі кеңейтумен 2398х3602 пикселден бастап;

 

10.6.      Конкурстық материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ www.politika.zhetysu.gov.kz  сайтында және басқа да дерек көздерде  толық немесе ішінара жариялануы мүмкін.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725896