Әлібектің шығар биігі алда

48 мемлекет қатысқан халықаралық ғылыми-техникалық олимпиададағы жүлделі орнымен құттықтаған аудан әкімі Темірлан Бектасов сый-құрмет көрсетіп, білімді мыңды жығатын осынау заманда Әлібектей дарынды жастардың көптеп шығатынына сенім білдірді.

    Сондай-ақ, Әлібектің ғылым саласына үлкен үлесін қосып, еліміздің білікті маманы болатынына үміт артатындығын жеткізді.
     Жыл сайын өтетін халықаралық олимпиадада жерлесіміз математика саласында жаңа формула ойлап тапқан. Осы жетістігінің арқасында еліміздің кез келген жоғарғы оқу орнынан тегін грант ұтып алған. Болашақта өмірін ғылым саласымен байланыстыратын білімді жігіт спорттан да қара жаяу емес. Спорт пен ғылымды қатар алып жүрген Әлібек осы халықаралық олимпиадада 19 мемлекет қатысқан футбол турнирінде 2 орынды қанжығалаған.
     Өздеріңізге белгілі, Елбасы биылғы Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осы орайда мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау болары анық. Ауданымыздың мерейін арттырып, еліміздің көк Туын көтеретін дарынды жастарымыз көптеп шығатынына кәміл сенеміз!
                                                                                       Нұрбол Ханағатұлы,
                                                                Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net