Алқа мәжілісі өтті

09.11.2018 жыл

Бүгін аудаін әкімдігінің мәжіліс залында «Ауданның 2018 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 4 тоқсандағы міндеттері туралы» алқа мәжілісі өтті.Алқа мәжілісін бастамас бұрын, аудан әкімі

 Темірлан Амангелдіұлы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбек ардагері" медалімен “Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ басшысы Жақыбай Азат Жапарұлын марапаттап, құттықтады.

    Әкімдіктің мәжілісіне аудандық мекеме, ұйым басшылары, мәслихат депутаттары, Жаркент қаласы мен ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері шақырылды.

   Аудан әкімі алқа мәжілісін ашып, күн тәртібіндегі мәселені қарап, жұмыстың тәртібі мен регламентін бекітті. Аудан әкімінің орынбасары Ш.Курбанов баяндама жасап, үстіміздегі жылдың 9 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң нәтижеге қол жеткізгенін айта келе, өнеркәсіп, ауылшаруашылық саласында айтарлықтай ілгерлеушілік бар екенін жеткізді. Мәселен, өнеркәсіп саласындағы өндірілген өнім көлемі 11,7 млрд теңгені құраса, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бүгінгі күні 1,5 млрд теңгеге артқан.

    Шағын және орта кәсіпкерліктің өсу динамикасы сақталып келеді. Жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,3 %-ға артып, оларда жұмыс істейтіндер саны 0,8 пайызға көбейген.

    Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 3835 адамға 129,0 млн.теңге тағайындалып төленді. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1730 жұмыссыз жұмыспен қамтылды, ақылы қоғамдық жұмысқа 671 адам, әлеуметтік жұмысқа 100, жастар тәжірибесіне 79, кәсіби даярлау оқуларына 250 адам жолданды. Жеке кәсібін дамыту үшін 39 адамға 176,5 млн.теңге шағын несие берілді.

   Мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған балалар саны - 4643 бала, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту аудан бойынша 98 пайызды құрады.

  Мәдениет саласында 2741 іс-шаралар өткізіліп, оған 840,1 мың адам қатысты.

  Денсаулық сақтау саласында өткен жылғымен салыстырғанда туу көрсеткіші 2,7 пайызға көбейді.
  Спорт саласында тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын халық саны 36700 адам немесе 28,5% құрайды.

 Шухрат Бурхандинұлының баяндамасы тыңдалып, аудан әкімі Т. Бектасов бірқатар салаларға баса назар аудару керектігін, сондай-ақ ауданға инвестиция тарту жұмыстарын қолға алу, халық денсаулығын басты назарда ұстау қажеттігі жөнінде қала және округ әкімдеріне, мекеме басшыларына тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің басшысы Р.Дауылбаевтың есебі тыңдалды. Ауданда қылмыстың алдын алу, жергілікті әкімшілікпен бірлесіп профилактикалық, құқықтық жұмыстарды тұрақты жүргізу, қауіпсіз ортаны қалыптастыруды жөнінде тапсырма берілді.
Сондай-ақ, Шолақай ауылдық округінің әкімі Т. Асматуллаев, Үлкеншыған ауылдық округінің әкімі М. Оспанбек сөз алып, атқарылған жұмыстары жөнінде баяндады.

    Тыңдалған жұмыстардың кемшін тұстарын басты назарда ұстайтынын жеткізген аудан әкімі Елбасы Жолдауы аясында ауданның әл-ауқатын одан ары арттыру, әлеуметтік даму бағдарламаларда белгіленген көрсеткіштерді орындау мақсатында жұмыс атқарып, жақсы нәтижеге жететініне сенім білдірді.

    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі қаулысының жобасына алқа мәжілісіндегі айтылған ұсыныстар ескеріле отырып, қабылданатынын айта келе, аудан әкімі мәжілісті жабық деп жариялады.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840134