Мәселенің үлкен-кішісі болмайды
- Толығырақ
- Жарияланды 16.11.2018 04:24
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1564
16.11.2018 жыл
Қарашаның 13-ші жұлдызы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті Х-шы отырысы өтті.
Кеңес отырысын оның төрағасы Ақан Оспанов ашып, жүргізіп отырды.
Қоғамдық кеңестің отырысында кеңес құрамына жаңа мүшелер сайланып, комиссия құрамына өзгертулер енгізілді.
Кеңесте Көктал ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламаларды орындау және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының 9 айдағы жұмыс қорытындылары мен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы Көктал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Талғат Жанғазиевтің хабарламасы, Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Болатбек Дүйсеновтің, сондай-ақ аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мырзағали Балтабаевтың есептері тыңдалды.
Кеңес отырысында аудандық Қоғамдық кеңесінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы, Панфилов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы «Панфилов ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы №6-27-173 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасына ұсыныс беру, аудандық мәслихаттың «Панфилов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы және жинақталу нормалары мен коммуналдық қалдықтарды жинау, әктеу, көму және кәдеге жарау тарифтерін бекіту туралы» шешім жобасына ұсыным беру, аудан әкімдігінің «Панфилов ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-аналар төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулы жобасына ұсыным беру, аудандық мәслихаттың «Панфилов ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешім жобасына ұсынымдар беру туралы мәселелер қаралды.
(Өз тілшіміз)