Тұғыры биік тәуелсіздік

Қазақстан   Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай 16 желтоқсан күні аудандық  Мәдениет  үйі  алдындағы Л.Асанова мен Е.Сыпатаевқа орнатылған  ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

 

     Салтанатты  жиында алғашқы болып құттықтау сөзге шыққан  аудан әкімі Темірлан  Бектасов  аудан  тұрғындарын  Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап,  ізгі ниетін білдірді.  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың   «Ұлы даланың жеті қыры» атты  мақаласы бойынша  ауданымызда  атқарылып  жатқан  игілікті  істерге  тоқталды.

     Сондай-ақ еңбек майталмандарына  ордендер мен медальдарды тағып, «Алғыс хаттар»   мен «Құрмет грамоталарын» салтанатты түрде табыс етті.

     Олардың  ішінде «Ернар» шаруа қожалығының басшысы Жапарқұл Тасқын мен «Жаркент  крахмал-сірне  зауыты»  ЖШС-ның  директоры  кеңесі  басқармасының және «Универсал»  ЖШС-нің  төрағасы Кузиев Закиржан «Құрмет» ордендерімен наградталды.

     Көктал  ауылдық  округінің  әкімі Бақыт Нұрелов Қазақстан Республикасының  «Құрмет грамотасымен»  марапатталды.

     Бұл  күні  жалпы саны 24 адам  марапатталып, сый құрметке ие болды. Солардың  ішінде  Қоңырөлең  ауылдық Мәдениет үйінің  көркемдік жетекшісі Елтай Қожақов, зейнеткерлер Камилиям  Важитова, Тұрған  Тоқабаев   Панфилов ауданының «Құрметті азаматы» атағын алды.

     Салтанатты  жиын  барысында  кітапханашы  Н.Антипова,  мұғалім Н.Азизов, медицина қызметкері Т.Қатубекова сөз алып,  тұрғындарды Қазақстан          Республикасы Тәуелсіздік  мерекесі  күнімен  құттықтады.

     Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

Жұмағазы  Бейсебек.

               

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130748