Мерекелік қабылдау
- Толығырақ
- Жарияланды 24.12.2018 05:54
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1632
Тәуелсіздік мерекесі күні аудан әкімі Темірлан Бектасов Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарды арнайы қабылдады. Ызғарлы желтоқсан оқиғасына өздерінің жастық жігерін қарсы қоя білген қайсар жастардың ішінде ауданымыздан екі азаматтың қатысқаны анықталған.
Олар аудандық «Жаркент өңірі» газетінің директор-бас редакторы Бағдат Айтмұқаева мен Сарыбел ауылының тұрғыны Ерік Шаймерденов.
Қабылдау барысында аудан әкімі Т.Бектасов Желтоқсан оқиғасының қандай болғандығын еске түсіріп, келешекте еліміздің аспаны ашық, бейбіт заман болуын тіледі.
Сондай-ақ Желтоқсан оқиғасының куәгерлеріне «Құрмет грамотасы» мен гүл шоғын тапсырып, сый-сияпат көрсетілді.
Жұмағазы Нұрақынұлы.