Жакартадан Жаркентке жеткен алтын

18.01.2019ж

Индонезия астанасы - Жакартада өткен велотректен Азия чемпионатында  жаркенттік жасөспірім Ақпейіл Өсім үш бірдей медальды қанжығалады. Ол топтық бәсекеде алтын медальды олжаласа, жекелей сында екі бірдей қола медальды иеленді.

    Спортшы жерлесімізді жанкүйерлері мен туыс-туғандары сондай-ақ,  аудандық  дене шынықтыру және спорт  бөлімі, жастар ресурстық орталығы,  ол оқыған мектеп ұжымы және басқа да қала тұрғындары күтіп алып, құрмет көрсетті. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Қонашов ел мерейін үстем етіп, аудан атын шығарған Ақпейілге ыстық лебізін білдірді.

    Өз кезегінде Ақпейіл спорт карьерасындағы  ең ірі жетістігі екенін, осы жетістікке жету үшін талай велосипедтен құлап жарақаттанса да спортқа деген құлшынысы жеңіс тұғырынан көрсеткенін атап өтті. Сондай-ақ, жаттықтырушысы Николай Карповичке және қолдау көрсеткен жерлестеріне алғыс айтып, өз ризашылығын білдірді.

     Жалпы бұл чемпионатты Қазақстан құрама командасы  жалпы есепте үшінші орынмен аяқтады.

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4129984