ТҰРҒЫНДАРМЕН ТІКЕЛЕЙ ТІЛДЕСТІ

 28.01.2019ж

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2016 жылғы    5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес қаңтар айының 21 күнінен бастап ауданымызда барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы  есебі  басталды.

 

       Қаңтардың 21 күні Алмалы ауылындағы «Елтінді батыр» атындағы орта мектепте округ тұрғындары алдында аудан әкімі Темірлан Бектасов есеп берді. Кездесуді аудандық мәслихаттың хатшысы Е.Шоқпаров ашып, жүргізіп отырды.

        Сондай-ақ округ әкімі С.Медетбековтың да есебі тыңдалды. Онда округ бойынша 2018 жылғы атқарылған ауқымды жұмыстар туралы  және алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыстары  жөнінде  айтылды.

       Аудан әкімі Т.Бектасов «Панфилов ауданының 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму барысы және 2019 жылдың жоспары туралы» аудан тұрғындары алдындағы есепті баяндамасында маңызды мәселелерге тоқталды. Онда ауыл шаруашылығы, құрылыс, медицина, мәдениет, білім беру саласы, спорт тағы басқа салалар толық қамтылған.

      Ел алдындағы есеп беру жиынында Басқұншы ауылдық округінің тұрғындары Е.Бектемісов, Қ.Сембаев, С.Темірбековтар сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ аудан әкімі Т.Бектасов пен округ әкімі С.Медетбековтың есепті баяндамаларына қанағаттанарлық деген баға берді.  Тұрғындардың қойған сұрақтарына тұшымды жауаптар қайтарылды. Кездесу соңында ауыл қариясы Құрманғали көпшілікке бата берді.

                 Есеп беру кездесуіне Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқарма басшысының орынбасары  М.Егізбаев қатысты.

 

 

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840157