Панфилов ауданы аграрлық салада алдыда
- Толығырақ
- Жарияланды 28.01.2019 10:54
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1528
28.01.2019ж
Панфилов ауданының негізгі саласы болып табылатын - ауыл шаруашылығында 2018 жылғы жалпы өндірілген өнімнің құны 40,8 млрд.теңгеге жеттіп, нақты көлем индексі 103 пайызды құрап өткен жылғыдан недәуір артқан.
2017 жылғы жалпы өндірілген өнімнің құны – 37,6 млрд.теңге болса, ондағы нақты көлем көрсеткіші 101,2 пайызды құраған.
Жалпы ауданда 43,6 мың (2017 ж. - 43,4 мың) гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Негізгі дақыл жүгері - 25 885 гектарға егіліп (2017 ж. -25 785 га), 165 мың тонна өнім жиналды. Орташа өнім 1 гектарға 63,7 центнерді құрады.
Ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолдану өнімді еселеуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта ауданда1396 гажерге тамшылатып суғару әдісі пайдаланылуда. Атап айтсақ, «Жаркент Фрукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі1110 гектаржеміс-жидек бағынан 2018 жылы 800 т алма жиналды. Ондағы тұрақты жұмысшылар саны - 107 адам, маусымдық жұмысшылар саны - 300 адам. Жылдық жалақы қоры – 60,0 млн.теңге.
2019 жылы ауданда 20 мың тонна жеміс-жидек сақтайтын қойма құрылысын салу жоспарлануда. «Көктал Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі286 гектаржүгері егістігіне тамшылатып суғару әдісін пайдаланып, әр гектарынан 200 центнерден жүгері дәнін алды.
Сондай-ақ, Панфилов ауданында «Қамқорлық» элиталық-тұқым шаруашылығы 15 жыл бойы республика деңгейінде шаруаларды арзан бағада қант қызылшасы тұқымымен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар былтырғы жылы Қазақтың ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып қант қызылшасының «Айшолпан», деп аталатын отандық қант қызылшасы тұқымын өндірді.
Ауданда жалпы4,5 гектаржерде 2 жылыжай жұмыс істейді. Оның ішінде «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі4,0 гажерден 800 тонна томат өнімдерін өндірді. Ал «Казгеотерм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі0,5 гектаржерден 60 тонна көкөніс алды.
Суармалы жер көлемін ұлғайту – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді бір құралы болып табылады.
Осы мақсатта Еуропа қайта құру және даму банкі арқылы келісім жасалып 5,0 млрд.теңге қаржы алу жоспарланып отыр. Бұл қаржы келген жағдайда суару жүйелерін қалпына келтіріп, (екінші траншта ұзындығы350 км28 ішкі шаруашылық каналдары) суармалы жерлерді 6000 гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Оның ішінде 4800 гектарына (80%) жүгері өсірілетін болады.
Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағатұлы.