Панфилов ауданында ірі сүт-тауар фермасы ашылады

Панфилов ауданында мал шаруашылығы өткен жылғымен салыстырғанда недәуір өсіп, мал басының саны артуда.

      Жергілікті екі шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 96,0 млн.теңгеге Ресей Федерациясының Астрахань облысынан 217 бас Қалмақ асыл тұқымды ірі қара малын сатып алды. Сонымен қатар 54 тауар өндіруші ірі қара малын сатып алу үшін "КазАгроқаржы" акционерлік қоғамы арқылы 258,5 млн.теңгеге несие алды.

Жалпы ауданда асыл тұқымды мал өсірумен 17 шаруашылық айналысады.    Сондай-ақ, "Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарына сәйкес мал бордақылау алаңдарын құру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.

     Бүгінде аудандағы бірнеше шаруа қожалықтары 600 басты малға шақталған бордақылау алаңдарын кеңейту арқылы, бордақылаудағы мал санын 1000 басқа дейін көбейтуді жоспарлап отыр.

   Жоба құны - 2,6 млрд теңге болатын «Көктал Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2000 бас Симментал тұқымының ірі қара малын сатып алып, сүт-тауар фермасын ашуды жоспарлап отыр.

   Оның 1000 басы 2019 жылы, 1000 басы 2020 жылы сатып алынады. Бұл сүт-тауар фермасы ашылса ауыл тұрғындарына өте тиімді, олар өздерінің жеке шаруашылығында өндірген сүт өнімдерін өткізетін орын болатыны анық.

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағатұлы

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130162