Панфилов ауданында гидроэлектростанция салынады

12.02.2019ж

Панфилов ауданында 2018 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция 62,0 млрд.теңгені құраған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,2 млрд теңгеге артқан.

      Биылғы жылы Қытай елінің инвесторларымен бірлесіп Панфилов ауданындағы Өсек өзенінің бойынан әрқайсысының қуаттылығы 6 мВт жалпы 24 мВтты 4 ГЭС каскады құрылысын салу жоспарлануда. Жоба құны- 10,2 млрд.теңгені құрайтын гидроэлектростанция іске қосылғанда 30 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

    Сонымен қатар, Чехия мемлекетінің инвесторлары су бұру каналдарынан контейнер типті қуаттылығы 1 мВт ГЭС каскады құрылысын салуды жоспарлап отыр.
Аталған гидроэлектростанциялар толықтай іске қосылса "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағына қосымша электр желілері тартылмақ. Болашақта электр қуатын молайтып, Қытай еліне электр энергиясын экспорттау жоспарлануда.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839876