1 наурыз - Алғыс айту күні

01.03.2019ж

Бүгін шырайлы көктем мезгілінің енуімен тұспа тұс келетін Алғыс айту күні. Алғыс айту күні алғаш рет 2016 жылы аталып өтілді.

Нақтырақ айтсақ, 2016 жылдың 14 қаңтарында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды «Алғыс айту» күні деп жариялады.  Бұл мереке барша халықтың бір-бірлеріне құрмет көрсетіп, шынайы ризашылықтарын білдіру және өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, Отанын, отбасын, жақындарын жақсы көруді дәріптеуге үйрету мақсатын көздейді.
Баршаларыңызды көгілдір көктемнің шуағымен келген осы «Алғыс айту» күні мерекесімен құттықтаймыз!

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839864