Үкімет басшысы Жаркент өңірінде болды

29.03.2019ж

Қазақстан   Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің алғашқы жұмыс сапары Панфилов ауданынан басталды. Үкімет басшысы бұл кезекті сапарында Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы көлік-логистикалық кешенінің дамуы және сауда ынтымақтастығын  іске асыру барысымен танысты.

     Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен бірнеше министрді, сала басшыларын қасына ерткен  Үкімет басшысы  Асқар Мамин  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» ауқымды жобасының бөлігі – «Нұр жолы» өткізу пунктінің  жұмысымен танысып, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы  экономикалық  аймағы мен «Қорғас»  шекара маңы халықаралық  ынтымақтастығы орталығы мен  басқа да нысандарды аралап көрді.

   Осы сапар барысында Асқар Ұзақбайұлы Қорғас  өзеніне  салынатын селге қарсы қорғаныс  нысандарын да аралады. Көктемде,  жазда су тасқыны жиі болатын  асау өзен арнасын  нықтау жұмыстарына жалпы 30 млрд теңге жұмсалатынын сала басшыларына жеткізді.  «Қазсушар» мемлекеттік мекемесі аудандық бөлімшесінің бастығы Тоқтарбай  Керімқұлов осы маңайдағы басқа да атқарылуға тиісті жобаларды көлденең тартты.

   ҚР Премьер-Министрі А.Мамин бұдан соң  облыс  орталығы Талдықорған  қаласына  барды.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839855