Құрметті аудан тұрғындары!
- Толығырақ
- Жарияланды 12.04.2019 12:19
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1564
11.04.2019ж
Панфилов ауданының әкімі Темірлан Бектасов аудан тұрғындарымен бірлесе жұмыс істеу мақсатында қала және ауылдық округтердің әкімшіліктеріне әлеуметтік желілерде ресми парақша ашуды тапсырған болатын.
Өздеріңізге белгілі, мемлекет басшысының өзі барлық өңірлердің әкімшлік құрылымдарына әлеуметтік желілермен жұмыс жасап, халықпен тығыз байланыста болуды жүктеген. Осыған орай, Жаркент қаласы және 13 ауылдық округ әкімшілігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары өз жұмыстарын бастады. Парақша сілтемелерін Панфилов ауданы әкімдігінің фейсбуктегі ресми парақшасынан алуларыңызға болады. Сондай-ақ, +7771 493 6816 Whatsapp номеріне ұсыныс, пікірлеріңізді жаза аласыздар.
Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағатұлы