Ақ тілекпен аттанды

19.04.2019ж

Бүгін   Панфилов   аудандық   жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында «IS» тұжырымы бойынша «Ережесіз жекпе-жектен» әлем чемпионы, «Дзю-до» күресінен Қазақстанның екі дүркін чемпионы, «Әскери самбодан» әлем чемпионатының алтын  жүлдегері,  ауданымыздың   мақтанышы Жолдасбаев  Ақжол  Мырзағалиұлымен  кездесу өтті.

 

    Кездесуге Ақжолдың спаринг серіктесі Нұрмұхамед Юсупов, аудандық Әділет басқармасының басшысы М.Сағымбек, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов, Пенжім ауылдық округінің әкімі Е.Оспанбаев, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен кәсіпкерлік бөлімдерінің мамандары, аудандық БАҚ өкілдері және аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

    Аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Е.Нарынбаев кездесуді ашып, жүргізіп отырды.

    Кездесу Ақжолдың Ресей Федерациясы, Екатеринбург қаласында 27 сәуір күні «RSS» тұжырымы бойынша өтетін әлемдік белбеуіне таласы және Ақжолдың спаринг серіктесі Нұрмұхамедтің алғашқы дебюттік жекпе-жегіне арналды.

    Шараға қатысқан ауданның атқамінер ағалары жастарға ақ жол тілеп, елге жеңіспен оралуына тілектес екендіктерін жеткізді.

    Кездесуді  Е.Нарынбаев   қорытындылап, шараға  қатысушылар   естелік  суретке түсті.

«Панфилов аудандық жастар ресурстық

орталығы» КММ.

Күнтізбе

« Мамыр 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net