Ерлік - ұрпаққа үлгі

17.05.2019ж

Республикамыздың  барлық  өңірлеріндегі сияқты  9 мамыр-Жеңіс күні аудан орталығындағы  алаңда  салтанатты түрде атап өтілді. Бұл  күні  орталық  алаңға  халық  көп жиналды.

 

       Аудан әкімі Темірлан Бектасов бастаған зиялы қауым Ұлы Отан соғысындағы құрбан болған жерлестерімізге орнатылған ескерткішке гүл  шоқтарын қойды. Сондай-ақ ауған соғысы ардагерлері де қатысып, интернационалдық борышын өтеу барысында оққа ұшқан қаруластарына гүл шоқтарын қойып еске түсірді.

       Қазақстан Республикасының  Гимні орындалып, Жеңіс күніне арналған салтанатты шара  өз деңгейінде өтті.

       Мерекелік шарада  аудан әкімі Темірлан Бектасов сөз алып, барша көпшілікті Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен құттықтады. Шарада  сондай-ақ аудандық ардагерлер ұйымының  төрағасы Н.Рахымбаев, жастар атынан А.Батырхан сөз алып,  мерекелік лебіздерін білдірді.

        Мерекелік жиында Крупская атындағы орта мектептің ұйымдастыруымен «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» тақырыбында түрлі театрландырылған көріністер   көрсетіліп, соғыс ардагерлерінің ұрпақтары батыр-бабаларының суреттерін көтеріп алаңнан өтті. 2091 әскери бөлімінің сарбаздары  әскери  өнердің  көріністерін  көрсетті.

   9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шараның соңы   көңілді концерттік бағдарламаға ұласты.

                     Ж.Нұрақынұлы.

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 677519