Жаркенттік отбасылар қуанышқа бөленді
- Толығырақ
- Жарияланды 17.05.2019 03:35
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1436
17.05.2019ж
Жаркент қаласының шығыс жағынан тұрғын үй салуға 10,4 гектар жер бөлінген болатын. Онда 40 жалгерлік тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, таяуда пайдалануға берілді.
Үш бөлмелі тұрғын үйдің жалпы ауданы 70 шаршы метрді қамтиды. 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі қарсаңында кезекте тұрған көпбалалы отбасыларына тұрғын үй кілтін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Темірлан Бектасов қатысып, көп балалы отбасыларына ізгі тілегін білдіріп, тұрғын үйдің кілтін өз қолымен табыс етті.
Бұл жолы он бір көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтылды. Жаңадан салынған үйлер өте қолайлы етіп жасалынған. Онда қоныстанушылар шексіз ризашылықтарын білдіріп, қуаныш құшағына бөленуде.
Шара барысында көп балалы ана Жұпар Үмбетова сөз алып, ризашылығын білдірді. Еңбек ардагері Шәріпхан қажы Тұрғанов көпшілікке бата берсе, әжелер шашу шашып, жақсы ниет білдірді.
Мерекелік шара қарсаңындағы қоныс тойына бас мердігер: «Техно Снаб-2002» ЖШС директоры Дәулет Жарасбаев және аудан әкімінің орынбасарлары мен БАҚ өкілдері, тұрғындар қатысты.
Б.Жұмағазы.