Көктал ауылында Абай ескерткіші орнатылды

27.05.2019ж

Елбасының Рухани жаңғыру мақаласы аясында, 25 мамыр- Соңғы қоңырау мерекесіне орай Панфилов ауданы, Көктал ауылының Абай атындағы орта мектебінде Абай Құнанбаевтың ескерткішінің ашылу салтанатты өтті. 

Ескерткіш "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының президенті Кахарман Джазинның бастамасымен және инвесторлардың көмегімен бой көтерген.

Бұл алда келе жатқан 2020 жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл қарсаңындағы тарту,-дейді ШЫХО-ның бас инженері Бақытжан Тастанбеков. 
Биіктігі 4 метр болатын ескерткішті аудан әкімі Темірлан Бектасов салтанатты түрде ашып, соңғы қоңырау қарсаңында мектеп бітіруші түлектерге қазақтың ұлы ақыны Абайды оқуға шақырды.

Айта кету керек, биыл Панфилов ауданында оқу жылын 24906 оқушы бітіреді.

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағатұлы

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4132069