Мемлекетіміздің басты құндылықтары

07.06.2019ж

Маусым    айының   4-і күні аудан орталығындағы алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған  салтанатты митингі өтті.

 

     Митингіге қала тұрғындары, оқушылар мен мекеме, ұжым басшылары қатысты. Онда аудан әкімінің орынбасары Роза Мағрупова сөз алып, барша көпшілікті  мерекелерімен құттықтады.  Тұңғыш Президенттің шешімімен  1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз Қазақстанның   жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілгендігі жөнінде баяндай келіп,  көк Туымыз желбіреп, еңселі Елтаңбамыз бен рухымызды көтерген Әнұранымыз қабылданғандығын  зор мақтанышпен айтып жеткізді.

     Мәңгілік ел ретінде әлемге танымал болған Тәуелсіз  Қазақстанның  көк Туы  Біріккен Ұлттар Ұйымы штаб-пәтерінің маңдайшасында желбіреп тұр. Әнұранымыз олимпиада және және басқа да халықаралық спорттық     жарыстарда шырқалады.

    Отанды сүю – мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған мерекелік шарада ұйғыр этно-мәдениет орталығы төрағасының орынбасары А. Сайтова, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Е. Бондерцова сөз алып рәміздерге байланысты өз ойларын жеткізді.

    Бұл күні қаладағы №6 орта мектеп оқушыларының мерекелік бағдарламасы мен ауданымыздағы көркемөнерпаздардың концерті тамашаланды.

Ж. Нұрақынұлы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839806