ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА АСЫҒАЙЫҚ

07.06.2019ж

Рамазан – жақсылықпен жарасатын ай. Оразада әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылады.

 

     Ал ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын)  өзінің   хадис-шарифінде: «Адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақсылыққа он еседен  жеті жүз есеге дейін сауап жазылады»,-деп үмбетіне сүйінші хабар айтады. Ендеше, осы ораза айында жақсылық, қайырымдылық жасайық, ағайын. Міне, біз сөз еткелі отырған игі-іс шарада осы рамазан айында жалғасын тапты.

    Нәдек ауылы бірлігі мен ынтымағы жарасқан, дастарханы дәмге толы, жарты нанды бөліп жейтін, қаймағы бұзылмаған ел десек, артық айтқандық емес.

     «Ауылына қарап, азаматын таны» демейме?! Азаматтар атқарып жатқан істер ауыз толтырып айтарлықтай. Жұмыла жүріп көтерген жүктің жеңіл болатыны сөзсіз. Ауыл мешітінің жанынан салынып жатқан хатымханаға ауыл азаматтарының қосып жатқан үлестері ұшан-теңіз.

Осы орайда ауылымыздың азаматы Тоқтарбай Керімқұлов туралы айтпай кету мүмкін емес.

   Өткен оқу жылында үздік оқушыға  арнайы шәкіртақы тағайындап, оны 8а сынып оқушысы Диас Тұрдақынға табыс еткен болатын.

    Сол игі іс биыл да жалғасын тапты. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, әкесінің қайырымдылық ісін жалғастырған Бақытгүл Тоқтарбайқызы үздік оқушы Молдабекова Перизатқа 60.000 теңге шәкіртақыны табыс етті. Бұл да болса, көрегенділіктің, имандылықтың бір белгісі деп қабылдадық. Кейінгі ұрпаққа үлгі болатын, айта жүретін қайырымды істің бірі.

   Осындай елімізде ұрпақ үлгі алатын азаматтар көп болсын деп тіледік.

                  Анар  Алдабергенова,

 «Надек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

Күнтізбе

« Тамыз 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net